Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «су ресурстары» мамандығы бойынша білім алып жүрген ауғанстандық қазақ Зияволхақ Абдул Джалилдің 11 бауыры бар екен, ата-анасы Құндыз қаласының жанында Бескепе деген жерде тұрады.
Малы да, жері де, қалада дүкендері де бар екен. Қазақстанға көшпей қалған Ауғанстандағы аз қазақтың қалып қоюының бір себебі де сол болса керек – бақуатты тұратынға ұқсайды. Зияволхақ Абдул Джалилдің өзі де оқуын бітіргесін, еліне қайтады. Себебі үкіметі жіберген, парыз. Кейінірек көшіп келгеннің өзінде Қазақстанда жұмыс таба алатынына күмәні бар... Оның өмірі қилы заманды кешірген қазақ тарихының бір парағы сияқты...
Зияволхақ Абдул Джалил, Ауғанстан азаматы:
Шетел мемлекеттеріне оқуға жіберген кезде Америка, Пәкістан, Қазақстан бар, Өзбекстан, Түркия. Бірақ өзіміз Қазақстанды таңдадық. Елімізді, Отанымызды көрейік деп. Себебі осылай оқу үшін, бір жағынан танысып көру үшін.
Біздің аталарымыздың айтуынша осыдан 150 жыл бұрын Ауғанстанға кеткен. Енді Атырау қаласының Сағыз деген жерінен кеткен. Ең бірінші Ауғанстанға бармаған. Тәжікстанның бір ауылы арқылы Амударияның жағасында орналасқан. Сол жерге мекендескен. 30 жылдан кейін орыстардың әскері сол жерге барып қиыншылықтар жасаған. Тәжікстанды осы Ресей алған кезі. Сосын ол жерде өмір сүре алмады да, содан кеткен Ауғанстанға. Амудариядан өткен. Ол жерде қаақтардың өткен жерін қазір де «қазақ гюзелі» - «қазақ өткелі»,- деп атайды.
Ауғанстанның жағдайы қазір де нашар,
қорқынышты қанша айтқанмен. Үкіметке жұмыс істемейміз. Кәдімгідей қарапайым
халықпыз. Бізге зияны жеткен жоқ қазірге дейін. Иә, Ауғанстанда соғыс болып
жатыр. Бірақ біз соғыс жерде емеспіз.
Біз қалаға жақын жерде. Онда соғыс болмайды.
Ауғанстанда өмір сүріп жатқанмен қазақтың
салтын ұстанамыз. Қазақтың қыздарын басқа елдерге бермейміз. Қазақтар бірінші барған да әр
жерге ұйым -ұйым болып отырған. Былай шашылып отырған емес. Себебі бір мәтел
бар ғой «шашылған халықты бөрі жеп
кетеді дей ме» қалай? Сондықтан олар
балалары үйленсе де, үйлеріне жеке бас болып
айрылып кетпейді. Сол үйде тұра
береді. Жылқы, биелері 50- ден астам бар. Көкпар аттары бар, жақында 7-у болмақ.
Бір-екі жыл жұмыс істеп, Қазақстанға қайтып келуге болады. Бірақ азаматтығымыз жоқ. Ол да проблема.
Осы тұста айта кететін ақпарат - биыл елімізге шет мемлекеттерден 11 мың
қазақ отбасы көшіп келген. Бұл былтырғыға қарағанда 6 есе көп.