Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Тілшіміз сурет салып үйренді

AstanaTV
26.11.2016ж. 20:00
3876
Тілшіміз сурет салып үйренді

Тілшіміз Айгүл Әдепбай бұл жолы сурет салумен айналысты.

Айгүл Әдепбай осы жолы суретші, а жоқ, суретші дегенім асыра сілтеушілік болар. Қысқасы сурет салуды үйренеді және үйретеді.

Сурет салуға әркімнің-ақ бар, таласы. Бірақ әркімнен суретші шыға бермесі де түсінікті. Мен де солардың қатарындамын деген оймен келгем, басында.

-Я вот человек который вообще не умеет рисовать. –Мы будем писать картину как настоящие художники. Будем писать маслом на холсте. – Ух ты!

Маған қазір мына пейзажды салып үйретеді.

Сурет әлемінен алшақтығым сонша, құрал-саймандарының атауын да білмейтін болып шықтым. 

-А это что? –Это – палитра. –Это? –Да, это где вы краски сейчас будете мешать. –Ааа, мастихин, да? Мынау мастихин деген бір нәрсе. Мынау палитра деген бір нәрсе.

-Үфххххх, а что они так? –Это масло, но они не токсичны. 

-Намечаем где у нас будет линия горизонта. –Попробуете? –Попробуем. –Давайте, все получиться.

Ұлы суретші іске кірісейін деп жатыр.

Негізі мынадай суретті салып шығу үшін 2-3 сағат уақыт керек. Бірақ адамның қолы шапшаң қимылдаса, бір сағатта да салып тастауға болады екен.

-У вас тоже хорошая скорость.

Картина салу үшін шыдамдылық қана қажет емес, ең бастысы бұл өнерді сүю керек.

Мыналарды араластырамыз. Қара, қандай әдемі түс шығып жатыр. Мммм.

Суретшінің ең алдымен сан түрлі бояулардың түрлерін ажырата білу керек екені даусыз. Бірақ одан да маңыздысы, қай бояулар бір-бірімен араласқанда қандай түс шығатынын білу қажет. Өйткені бұл бояулар патшалығы.

Осы әдіспен ұлы Ван Гог жұмыс істеген екен.

Бұл жерде картина сөйлейді. Суретшінің шеберлігі де сонда.

Бірдеңе шығып жатыр, не шығып жатқанын әзірге айту қиын.

Мына сурет 1 апта кебеді екен. Өйткені бұл майлы бояу.

Суретшілердің құрал саймандары арзан тұрмайды. Мысалы, мен салған суреттің керек-жарағын алуға шамамен тоғыз жарым мың теңге кеткен.

Үлкен құтылар 2900 теңге. Кішірек құтылар 700 теңгеден. Мен алты түс пайдаландым. Мастихин – 1000 тг, холст –1500 тг. Барлығы 9600 теңге. Дегенмен бұл картинаны одан да қымбатқа сатуға болады екен.

Суретшіні қинайтын тағы бір дүние. Туындыларды қай жерге қойып көрермен назарына ұсынсам,- деген мәселе.

В прошлом году было очень мало выставок и все художники жаловались что им негде выставиться.

Қазір адамдар үйіме ілетін картиналарды өзім салып аламын деп, үйренуге көптеп келеді екен. Мен де үйренем деп шештім. Қазақтардың картиналарға деген сұранысы артқан. Ал қылқалам шеберлері отбасыларын асырай алмай отыр деген әңгіме, қазір өзекті емес,- дейді суретші Светлана.

Мой шедевр за сколько можно продать? – Ну как начинающему художнику думаю тысяч за 15 можно продать. -15? мына суретті мен 15 мыңға сата алады екем. Қазір базарға барамыз. 

Қазір 40-45 минуттай уақыт өтті. Ал біздің суретіміз 80 пайыз дайын.

Мен бір үлкен творчестволық процестің үстіндемін. Кейде камераға қарауды ұмытып кетіп жатырмын.

Жаңағы ұстаздың айтуынша, егер аздап дайындалсам, менен керемет суретші деп айтпаймын, бірақ осындай - үйге, өзімнің ас үйіме іліп қоятын картиналар салуға әбден болады екен.

Қолым, түрім не болып кетті. Қай жерім бояу? Маған су керек, айна керек.

Айгүл Әдепбайдың алғашқы туындысы. Майлы бояумен салған. Майлы бояумен салу оңай емес.

Самый последний и самый важный штрих у художника, как вы думаете что это?-Подписать? -Да, подписывайте. Сурет өнеріндегі менің қолтаңбам болады бұл. А.Ә. яғни Айгүл Әдепбай.

Апарып 15 мыңға сатып жіберемін. Жоқ, сатпаймын, бұл – менің алғашқы туындым. Бір сағаттың ішінде шықты. Салыстырсаңыздар болады. Қанша пайызға ұқсастық бар екенін.

Возьмите вашу картину. Ваш первый шедевр.

Осымен суретші Айгүл Әдепбайдың өнер студиясындағы қызметі аяқталды. Келесі аптада жаңа мамандық игереміз.