$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астананың атын өзгертудің қажеті жоқ - Президент

AstanaTV
25.11.2016ж. 20:00
2544
Астананың атын өзгертудің қажеті жоқ - Президент

"Астананың атын өзгертудің қажеттілігін көріп тұрған жоқпын". Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында осылай деді. Әңгіме барысында журналист Елорданың ребрендингі туралы сұрақ қойған. Осыған орай мемлекет басшысы: «Қазақстанда көптеген маңызды халықаралық шаралар өтті. Ел оларды түгел Қазақстанмен байланыстырады. Барлық жерде Астана айтылады. Астана - бренд. Сондықтан атын өзгертудің қажеті жоқ деп есептеймін», - деп жауап берді. Тәуелсіздік мерекесінің маңызына да тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Это славный, замечательный праздник всех казахстанцев. Осуществление мечты наших предков. Поэтому как не радоваться? Радуются мои сверстники на плечи, которых выпала честь построить такое государство. Гордится молодежь. Куда не приезжают, все знают эту Астану. Это бренд. Поэтому нет необходимости менять его название. В Астане произошел первый в двадцать первом веке саммит ОБСЕ. Принимали Азиатские зимние игры Сейчас будет принимать ЭКСПО-2017. Съезды мировых традиционных религий. Все это связано с Казахстаном. Но везде звучит имя Астана. Какая необходимость менять это?

Қазақстан Президенті елдің индустриялық-инновациялық дамуының мән-маңызы, мемлекеттің экономикадағы рөліне қатысты сауалдарға да жауап берді. Мемлекет басшысы республикада жастардың білім деңгейін арттыру,  үштілділіктің маңызы жөніндегі мәселелерге тоқталды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев, Орталық Азиядағы терроризм мен экстремизмді болдырмауға қатысты "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына" мүше елдердің ортақ ұстанымының өзекті екендігін, атап өтті.

Саламат ОМАШ