Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Пара берген шенеунік, ауылына 209 млн доллар берген миллиардер

AstanaTV
26.11.2016ж. 20:00
1799
Пара берген шенеунік, ауылына 209 млн доллар берген миллиардер

Ақпарат құралдарында Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағанбетовтің Ботагөз Биекенова есімді азаматшаға алданып қалғаны жазылған-ды. Ол бір қызын Назарбаев университетіне, ал екінші қызын Ақтөбедегі Назарбаев мектебіне орналастыру үшін Ботагөзге 20 мың доллар берген. Бірақ Биекенова ханым уәдесінде тұрмайды. Ал шенеунік құзырлы органға шағымданған.

24-қарашада облыстық прокуратурада өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пара берген шенеунік жайлы былай деген:

"Заң бойынша пара алған адаммен бірге пара берген адам да жауапкершілікке тартылады. Оның үстіне ол мемлекеттік қызметкер. "Пара бердім" деп бүкіл елге масқара болды. Егер балаңның ойлау қабілеті төмен болса, онда, әрине, пара бересің. Оның ісін тәртіптік комиссияда қарау керек. Содан кейін тиісті құзырлы органдар бұнымен айналыссын". 

Осыдан кейін Ермағанбетов қызметінен алынған. Бұл оқиға нені көрсетеді? Алмат Алтынбекұлы шағым жазғанында әлгі ханымның «мектеп директорымен, университет проректорымен таныспын, проректор көкем болып келеді, өзім Назарбаев мектебінде емтихан алатын комиссия мүшесімін» дегеніне сендім деген. Яғни парасыз мәселе шешілмейтінін жоғары шенділердің өздері мойындайды, қабылдайды және мойынсұнады. "Жемқорлықпен, парақорлықпен күрес" деп жазуға қысыласың...

Атын айтып қайтем, бір сыра брендінің негізін қалаушы миллиардер Антонино Фернандес Испанияның солтүстігіндегі туған ауылы Сереcалес дель Кондадо тұрғындарын ертегіге сендірген. Алдымен өмірінен аз-кем деталь:

The Telegraph-ң жазуынша, Фернандес мырза 1917 жылы көпбалалы отбасында дүниеге келген – 13-баланың 11-сі болған. Кедей шаңырақта қайдағы мектеп, 14 жасында мектепті тастап кетеді. 1949 жылы отбасы Мексикаға қоныс аударады, сол жерде Антонио бас шайқататын карьера жасайды, сыра қайнататын компанияның бас директоры қызметіне дейін өсіп.

99-ға келген миллиардер тамыз айында қайтыс болған. Компаниясын немерелес бауырына қалдырған. Антониодан тұяқ қалмаған. Әйтсе де өзі туған Сереcалес дель Кондадо ауылының әрбір тұрғыны, олардың үрім-бұтағы дұғасына қосып отыратын шығар. Ауылдың әрбір тұрғынына, ал олар 80 адам, 209 миллион доллар беруді өсиет еткен. Әрқайсысына 2,6 млн доллардан келеді екен.

Куба революциясы көсемдерінің бірі, 1959 жылдан 2008 жылға дейін осы елді басқарған Фидель Кастро 90 жасында қайтыс болды. Куба телевизиясына оның бауыры, қазіргі президент Рауль Кастро шығып, хабарлаған. Биыл көктемде Фидель Кастро мәңгілік мекеніне кететін уақыты жақындағанын айтқан еді.