Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Астанада көшпелі рейд ұйымдастырылды

AstanaTV
23.08.2016ж. 20:00
2415
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Астанада көшпелі рейд ұйымдастырылды

Жылыту маусымына дайындық қазірден бастап қолға алыну тиіс. Бүгін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен көшпелі рейд ұйымдастырылып, Астанадағы бірқатар нысандардың әзірлігі тексерілді. Әсіресе жылу жүйелері мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға баса назар аударылды. Елордада биыл жылыту маусымы 15-ші қазаннан кешікпей басталуы тиіс.

Айта кетейік, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, су және жылу желілерін жаңарту» бағытындағы патриялық комиссия бірнеше күннен бері ауқымды рейдті бастаған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған 40 нысан бақыланды. Арасында қолданысқа жаңадан берілген насандар да назардан тыс қалмайды. Бүгін делегация 2016-19 жылдар аралығын қамтитын «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан ғимараттарды қарап шықты. Оның ішінде 12-ші жылу магистралі, «Қол жетімді баспана -2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысы мен «Абу-Даби Плаза» кешенінің инженерлік жұмысы бар. Кем-кетік тұстар анықталып, қайта жөндеу бойынша тиісті тапсырма берілді.

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бұл жұмыстарға қыруар қаржы бөлінген. Ол қаражаттың нақты қайда жұмсалып жатқанын бақылауға тиіспіз. Менің айтып тұрғаным жылу жүйесі қосылатын нысандарға тікелей қатысты. Мамандар биыл жылыту маусымында ешқандай кешігудің болмайтынына уәде беріп отыр. Қаржының барлығы игеріліп, 15-ші қазанда Астанада жылу қазандықтары жаппай іске қосылады екен. Мұның қаншалық орындалатынын уақыт көрсетеді. Жалпы, меніңше, бюджет қаражаты бөлінетін әрбір жұмыста бақылау қатаң болуы керек.

Бүгінде партиялық фракция мүшелерінен тұратын 4 комиссиялық топ құрылған. Олар: «Әлеуметтік инфрақұрылым», «Тұрғын үй модернизациясы», «Транспорттық логистика» және «Шығын бизнес: индустриалды-энергетикалық даму» бағыттары бойынша тексеру жүргізеді.  

Құралай ПИОНЕР