Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада тоғызыншы рет «Жаншуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды

AstanaTV
28.11.2016ж. 20:00
2316
Астанада тоғызыншы рет «Жаншуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында елордада «Жаншуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды. Тағдырдың тауқыметін тартса да, мойымай, үнемі алға қарай ұмтылатын жандарды бейбіт күннің батырлары десек те, артық болмайды. Себебі олар ынта-жігері арқылы көпке үлгі көрсетіп келеді. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» қоғамдық бірлестігі бұл марапаттау кешін осымен тоғызыншы рет ұйымдастырып отыр.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Әр аталым мен жеңістің артында жігерлі адамдардың жеке тарихы жатыр. Мұнда өмірге деген құштарлық пен тәжірибені байқауға болады. Мерекелік кеште мүгедек жандардың шектеусіз мүмкіндіктері паш етілді. Бұл көптеген адамдар үшін үлгі етерлік бастама. Түрлі сынақтардан сағы сынған адамдарға ой салады. Қарапайым тірлікте қиын жағдайлар да кездеседі. Оны жеңе білу тек өз қолымызда екенін ұмытпауымыз керек.

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың жан-жақты дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Соның арқасында кемтар азаматтар  қоғамның толыққанды мүшесі ретінде еңбекке араласа алады. Республикалық марапаттауға қатысып, «қоғамдық қызмет саласындағы айтулы жетістіктері үшін» аталымына ие болған Нағым Сағатова бұл жетістікке жеткеніме қуаныштымын дейді.

Нағым Сағатова, бастауыш сынып мұғалімі, Павлодар облысы:

Ауқымды шараға қатысып жеңімпаз болу мен үшін үлкен бақыт. Бұл жалғыз менің еңбегім емес. Бұл күнге мен жалғыз жеттім деп айтпаймын. Мені толықтай 754 қаулыға сәйкес мұқтаждығымен қамтамасыз етіп отыр. Ауылдық, аудандық әкімшілік, «Нұр Отан» маған үнемі қолғабыс беріп, менің жұмыс істеуіме толық жағдай жасап отыр.