Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мәжіліс депутаты Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысымен танысты

AstanaTV
24.08.2016ж. 20:00
3026
Мәжіліс депутаты Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысымен танысты

Халыққа қызмет көрсету орталықтары ғимаратының ауқымын кеңейту керек. Өйткені мемлекеттік қызмет түрлерінің басым бөлігі сонда іске асырылады. Бұл туралы Алматыдағы Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысымен танысқан мәжіліс депутаты Светлана Бычкова айтты. Жуырда орталық қызметіне қосымша ретінде жәрдемақы құжаттарын қабылдау мен жер телімдерін рәсімдеу енгізілді. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығы жанынан «Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясы жұмысын бастады. Бұл да ғимарат ауқымын кеңейту қажеттігін дәлелдеп отыр.

Светлана Бычкова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Халыққа көрсетілетін қызмет түрлерінің саны артқан сайын, орын жетіспеушілігі туындайтыны анық. Ол, өз кезегінде, қызметкерлердің де сапалы жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сондықтан ғимаратты кеңейту мәселесін шешу қажет.

Алмагүл Атағарова, Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы реттеу залы жетекшісінің орынбасары:

200- ден аса қызмет қабылдайды. Ал портал арқылы  жеке және заңды  тұлғаларға 578-ден  аса электронды қызмет  түрін атқарамыз. Қабылдау қызметі нагрузкамыз 1500 адамнан келеді.