Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Солтүстік Қазақстан облысында 12 бастауыш мектеп жабылды

AstanaTV
24.08.2016ж. 20:00
2306
Солтүстік Қазақстан облысында 12 бастауыш мектеп жабылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында солтүстікте 12 бастауыш мектеп жабылған. Бұл туралы арнамызға білім  басқармасының басшысы хабарлады. Білім ордалары оқушылардың аздығынан жұмысын тоқтатқан. Аймақта мұнан бөлек тағы 170 білім ошағы белгіленген нормативке сәйкес келмейді. Демек, оқушылар саны көбеймесе, алдағы уақытта жабылуы мүмкін. Ал жұмысын тоқтатқан 12 мектепте бас-аяғы 42 бала оқып келген. Оларды жақын маңдағы мектептерге орналастыру қаралуда. 

Шолпан Каринова, СҚО білім басқармасының басшысы:

Күнделікті немесе апта сайын мектеп-интернаттарына немесе жақын орналасқан басқа мектептерге тасымалданатын болады. Жалпы, облысымызда 96 техника бар. 96 автобустармен жергілікті 2 мыңнан аса оқушы күнделікті немесе апта сайын тасымалдау жұмыстарына жатқан болатын. 2016 жылы бюджет есебінен тағы 8 автобус сатылып алынды. Бұл да оқушыларды тасымалдауға арналатын болады.

Қызылжар өңірінде 519 мектеп бар. Биыл 9 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа бармақ. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 560 балаға артық. Аймақта үш ауысымдық білім беру проблемасы толығымен жойылды. Мектеп тапшылығы байқалған Мүсірепов және Тайынша аудандарында 2 жаңа білім ошағы бой көтерді. 

Абзал ҚҰРМАНКИН