Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қара тізімнен шығарылған әуе компаниялары сынақтан өте бастады

AstanaTV
09.12.2016ж. 20:00
1846
Қара тізімнен шығарылған әуе компаниялары сынақтан өте бастады

Кеше ғана қара тізімнен шығарылған «Скат» әуе компаниясы Еуропаға ұшуға дайын. Алайда кәрі құрлыққа аттанар алдында компания екі мәрте Еурокомиссияға тест тапсыруы қажет. «Қазір алғашқы сынақ басталып кетті», - деді азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов. «Ауқымды жұмыс атқарылды. Жаттығу ұшақтарын алып, ұшқыштарды оқыттық. Былтыр 11 ұшқыш дайындап шығарсақ, биыл тағы 25-ін оқытып жатырмыз», - деді комитет басшысы.

Бұдан былай отандық әуе компаниялары жылына екі рет қауіпсіздік ережелері сынағынан өтіп тұрады. 2020 жылы Қазақстан еуропалық стандаттарға көшуді көздеп отыр. 87 пайызға ИКАО талаптарына сай келіп, әлемдегі 30 қауіпсіз әуе тасымалдаушылары қатарына кіруді мақсат еткен. Айта кетейік, 2009 жылы отандық әуе компаниялары халықаралық стандаттарға сай келмей, қара тізімге іліккен еді. Ал, кеше «Скат», «Қазақ Эйр», «Бек Эйр» компаниялары Еуропаға ұшуға рұқсат алды.

Бекен Сейдахметов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

Биылғы жылдың басында ИКАО аудиттарын шақырып, олар біздің істеген жұмыстарымызға баға беріп, ИКАО жетістігіне 74 пайыз сай деген баға берді. Сол дәреженің арқасында біз Еуропа алдық отчет беріп, олар барлық әуе компанияларынан шектеуді алып тастады.

Саламат ОМАШ