Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыға көктем ерте келеді

AstanaTV
03.02.2023ж. 15:03
1047
Алматыға көктем ерте келеді

Синоптиктердің болжауынша, биыл Алматыға көктем ерте келеді. «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметовтің айтуынша, наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С, күндіз +10+15°С дейін көтеріледі.

«Наурыз айындағы орташа айлық температураның нормасы - 2,7°C, мұндай кезде наурыз айында күннің бірден жылынуы жағымсыз жағдайға жатады. Және дәл осы айда ауа температурасының қатты жоғарылау үрдісі байқалады. Мұндай кезде қыс бойы қордаланған қалың қардың бірден еру қаупі жоғары. Сондай-ақ, Алматыда жылу толқындарының қайталану жиілігі артып келеді, сондықтан қыстың соңы мен көктемнің басында ауа температурасының күрт жылынуынан қауіп артады», - деді Әділ Ахметов.

Сондай-ақ, ол көрші облыстардағы жағдайға да тоқталды.

ӘДІЛ АХМЕТОВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ГИДРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

5 ақпанда Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, қар жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 1 ақпандағы жағдай бойынша Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Жетісу Алатауының өзен алаптарында ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері орташа жылдық мәннен 15-21%-ға жоғары, ал Іле Алатауының оңтүстік беткейі мен Кетмен жотасының солтүстік беткейіндегі өзендердің бассейндерінде орташа жылдық мәндер шегінде 15-21%-ға жоғары.