$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада Қарағанды тұрғынынан қару тәркіленді

AstanaTV
03.02.2023ж. 16:14
967
Елордада Қарағанды тұрғынынан қару тәркіленді

Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қару мен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру фактісін анықтады. Polisia.kz дерегінше, түнгі уақытта Абылайхан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші басқарған Lada Priora автокөлігі тоқтатылды.


Автокөліктің 22 жастағы жолаушысын жеке тінту барысында оның күртешесінің оң қалтасынан ОСА тапаншасы, сол қалтасынан РГД-5 гранатасы табылды. Полиция қызметкерлері дереу гранатаны жарылғыш заттарды сақтауға арналған колбаға орналастырған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қару мен граната тәркіленген Қарағанды қаласының тұрғыны ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.