Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Төтенше жағдай жариялануы мүмкін

AstanaTV
03.02.2023ж. 16:14
1879
Төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деді. Су басқан үйлерге кіріп шыққан министр сол ауылға қатысты төтенше жағдай жариялау мәселесін қарастырып жатқандарын жеткізді. «Бұл жағдайды қалыпқа келтіруге жергілікті бюджеттен қаражат бөлу үшін қажет», - деді Юрий Ильин.


ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Кеше Түркістан облысында орын алған жағдай алдын ала болжанған. Біз Үкімет отырыстарында қардың мол түсуіне байланысты дәл осы Түркістан облысында күн күрт жылынғанда қатердің бар екендігін бірнеше рет баяндадық. Барлық болжамымыз тура келді. Жергілікті атқарушы органдар, ауылдық округ әкімдері мен ТЖМ бөлімшелері дер уақытында қабылданған іс-шаралардың арқасында қатерді төмендеттік.

Министрдің айтуынша, үйлердің аулаларын су басуға қатысты фактілер бар. Олардың басым бөлігі жойылды. Күштер мен құралдар жеткілікті. Сонымен қатар министр Арыс өзеніне жапсарлас аумақтар тағы бір тексеріліп, су деңгейіне барлау жүргізілетінін атап өтті.

ТЖМ мәліметінше, Сауран ауданының эвакуацияланған тұрғындары біртіндеп үйлеріне оралуда. Қазіргі уақытта суды бұру жұмыстары жүргізілуде. 200-ге жуық аулада су құрғатылды. Жалпы 85 аула аумағынан 197 текше метр су шығарылған.