Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өңірлерде «Amanat» партиясының кезектен тыс съезіне делегаттар сайланды

AstanaTV
03.02.2023ж. 20:00
1300
Өңірлерде «Amanat» партиясының кезектен тыс съезіне делегаттар сайланды

Республиканың түкпір-түкпірінде «AMANAT» партиясының 38-ші конференциясы өтті. Жиында аймақтардың мәселелері талқыланып, съезге делегаттарды сайлады. Айта кету керек, съездте Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді.

«AMANAT» партиясының кезектен тыс 38 конференциясы Маңғыстау облысында өтті. Отырыста Маңғыстау облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Маңғыстау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі және бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланатын Маңғыстау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тізімі қаралды. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезіне делегаттар сайланды.

Нұрбек ҚАРАСАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Екі тізім бойынша кандидаттарымызды ұсынамыз. Бірінші тізім бұл, облыстық мәслихатқа өздеріңіз білетіндей жаңа жүйеге байланысты облыстық мәслихатта 50 пайызы партиялық тізім арқылы өтеді. 50 пайызы бір мандаттық сайлау округтері бойынша өтеді. сондықтан партиялық тізім бойынша, 16 депутатамызды, оның қасына 16 кандидатты резервке ұсынамыз.

Шығыс Қазақстанда кезектен тыс конференцияда 15-ке жуық ұсыныс-тілектер келіп түскен. Жиында өңірдің экологиялық мәселелерін шешу, денсаулық сақтау және білім беру жобалары талқыланды. Сондай-ақ, облыстық филиалының партиялық бағдарламада жастарға ерекше блок берілді. Өңірде 120 мыңнан астам жас тұрады. Оның - 3,5 мыңы жұмыссыз. Сондықтан жұмысқа орналастыру, жаңа жобаларды іске асыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері де партиялық бақылауда екені айтылды.

Сайрангүл ЖҰМАДІЛОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру, туризм мен спортты дамыту. Экологиялық мәселелер. Жолдардың жай-күйі, біздің тұрғындардан жиналған барлық сәттер, ұсыныстар, барлығы партиялық бағдарламаға енгізілді.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында 2023-2027 жылдарға арналған қалалық филиалдағы сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді. «Сайлауалды бағдарлама елдімекендердің тұрғындары мен азаматтардың ұсыныс-тілектерінің және қоғамдық қабылдауға түскен 10 мыңға жуық өтініштерді зерделеу нәтижесінде дайындалды»,- деді партия өкілі.

Бауыржан АЛТЕЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Бұл сайлау тартыс емес. Бұл – алға ұмтылу, бірігу. Бұл сайлау бізге өте маңызды. Сол ертең біз барғанда съезде біздің мақсатымыз сол жердегі сайлауда жергілікті тізім бойынша дауыс беріп, өзіміздің бағдарламамызға нақты қадам басуға ниет қып бара жатырмыз.

Мұндай конференция бас қаладағы филиалда да өтті. Өзекті мәселелер сөз етіліп, елордалық филиалда сайлауалды бағдарламаға енгізілді. Мәслихат сайлауына ұсынылатын кандидаттар қаралды.

Ерлан СЫДЫҚОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Біз партиялық тізім бойынша, 34 адамның кандидатурасын өзімізден мәслихатқа, сосын 17 адамды округтерден тікелей сайлаушылардың талқысына салатын адамдардың тізімін бекіттік.

Айта кету керек, 7 ақпанда «Аманат» партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Онда еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттар Мәжіліс сайлауына кандидаттардын тізімі бекітілді.

Ә. Дүкембаева