Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ас қасықты әдейі жұтқан

AstanaTV
04.02.2023ж. 16:37
844
Ас қасықты әдейі жұтқан

Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хирург дәрігер Тахир Закирұлы Шүкірәлиевтің айтуынша, мұндай жағдайларда диагностика рентгенографиялық қарауға, эндоскопиялық зерттеуге негізделеді. Емдеу кезінде күту тәсілі қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда бөгде зат эндоскопиялық жолмен алынып тасталды.

«Уақтылы диагноз қойылмаған жағдайда қабыну процесі, бөгде заттың айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, жылжуы, сондай-ақ ішектің бітелуі немесе перитониті бар перфорация пайда болуы мүмкін. Бұның соңы өлімге әкелуі ықтимал», - дейді Тахир Закирұлы.

Бүгінгі күні пациент өзін жақсы сезінеді және бөгде затты әдейі жұтқанын мойындады. Пациент Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігерлеріне алғысын айтты.