$457.29 €490.35 ₽5.97
×

ТЖМ: 200 құтқарушы түні бойы екі облыста су тасқынының алдын алды

AstanaTV
05.02.2023ж. 11:54
339
ТЖМ: 200 құтқарушы түні бойы екі облыста су тасқынының алдын алды

Өткен түні Алматы және Жамбыл облыстарында 200 құтқарушы аймақты су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қызметкерлерімен қоса, 45 техника 5 елді мекенде қар суын бұрған.

Қардың күрт еруі нәтижесінде егістіктерден ағып келген еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Алдында су басқан аула аумақтарындағы суды жою жалғастырылды.

Бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мыңнан астам текше метрді құрайды.

Түркістан облысында барлық су басу жойылды. Сырдария, Арыс және Бөген өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 су бекетінің жұмысы жалғасып жатыр.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах