$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Шымкенттіктерді жаңбыр суы әбігерге түсіруде

AstanaTV
05.02.2023ж. 16:37
609
Шымкенттіктерді жаңбыр суы әбігерге түсіруде

Шымкент бойынша 30 мекенжайда 2230 текше метр су сорып алынып, су тасқынының алдын алу мақсатында қаланың 5 ауданы аумағынан 63 мың текше метр қар қауіпсіз жерге шығарылды.

"Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыстардың, 4 ірі өзен мен 27-ден астам каналдың жағдайы бақылауға алынған. Қала аумағындағы су қоймаларының толуы бүгінгі күні 2-ден 65%-ке дейін көрсеткішті құрайды. Қазіргі уақытта тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларында қорлар жеткілікті. Өзендердегі судың деңгейі төмен", - делінген ҚР ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.

ТЖ департаменті жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп су басудың салдарын жоюға 40 мың дана қап дайындап, әр ауданның су басу қауіпті орындарға жақын жерге жиналған. Су тасқынының алдын алу мақсатында қаланың 5 ауданы аумағынан 63 мың текше метр қар қауіпсіз жерге шығарылды.

"Қала аумағындағы су басу қауіпті аймақтарға тікұшақ арқылы әуеден шолу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша шеткі және қырлы жерлерде (Забадам елді мекені, 195 орам, Елтай елді мекені, Тұран мөлтек ауданы) қардың көп мөлшерде жиналып, күн жылып еріп және де үстінен жаңбыр жауса, су басу жағдайлары болуы ықтимал", - делінген ҚР ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах