Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде мал іздеуге шығып, жоғалып кеткендер табылды

AstanaTV
06.02.2023ж. 09:01
1005
Ақтөбеде мал іздеуге шығып, жоғалып кеткендер табылды

Ақтөбе облысында құтқарушылар жедел іздестірудің арқасында жоғалып кеткен екі ер адамды тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«4 ақпанда сағат 20.00 шамасында 112 құтқару қызметіне Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің 71 разьезінен 2 ер адам мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.Жедел іздестіру нәтижесінде 23 сағат ішінде құтқарушылар күшімен елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта жоғалған 39 және 23 жастағы екі ер адам табылды», - деп жазды ведомстводан.