$539.49 €627.7 ₽6.75
×

Жамбылда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

AstanaTV
12.04.2016ж. 20:00
Жамбылда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Жамбылда 4 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Есірткі заттарын сатуды кәсіп көзіне айналдырғандар Шу ауданында жүргізілген жедел шара кезінде ұсталған. Құрықтау кезінде 1 келіден аса героин мен 700 грамм гашиш тәркіленді.

Аймақтық есірткіге қарсы күрес басқармасының мамандары оларды қолға түсіруді былтырғы қараша айынан бері жоспарлаған. Алайда, ұзақ аңдығанмен ұрымтал тұсынан ұстау мүмкін болмаған. Осы жолы үй-жайларында кезекті партияны сатуға әзірлеп  жатқан жерінен жолдары кесілді. Оңай олжаға кенелгісі келгендер бұл іспен 4 жыл бойы айналысып келген. Әккі алып-сатарлардың үшеуі ер адам болса, біреуі - 46 жастағы келіншек. Олардың Қордай  және Шу ауданынның тұрғындары екені анықталды.

Ерлан Иманбаев, Жамбыл облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы:

Ол адамдар төртеуі де қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұлар герионды қайдан алғанын айтпай отыр. Бірақ олар героинды Шу қаласында алып, сатқан. Грамы 5 мың теңге болса, 1 келісі қанша ақша болады, қараңыз. ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлімімен 10 жылдан 15 жылға дейін сотталады. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ