Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты

AstanaTV
06.02.2023ж. 12:37
1030
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады,-деп хабарлайды Ақорда.

«Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін хабарланғандай, Astana.kz Түркияның оңтүстік-шығысында 7,4 магнитудасына дейін үш рет жер сілкінді. 7,4 балдық ең қуатты жерасты дүмпуі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де, 7 км тереңдікте болды. Содан кейін әртүрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы жер сілкінген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылып жатыр.Соңғы мәліметке сәйкес, қаза болғандар саны 76-ға жетті, 440 адам жарақат алды. Қираған ғимараттар саны - 140.