$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Атырау перзентханасында емін-еркін жүрген тышқан жүкті келіншектерді шошытты

AstanaTV
06.02.2023ж. 20:00
1513
Атырау перзентханасында емін-еркін жүрген тышқан жүкті келіншектерді шошытты

Атырауда перзенхана палатасында өріп жүрген тышқандар жүкті келіншектерді шошытты. Видеоны босануға дейінгі бөлімшеде жатқан әйелдердің бірі жариялаған.

Онда кеміргіштердің келіншектер жатқан палатада емін-еркін жүргенін көруге болады. Ақ халаттыларға ескерткенімізбен, ешқандай шара қолданбады,- дейді автор. Алайда, дәрігер бұдан хабардар. Перинаталдық орталық ғимаратының күрделі жөндеуіне байланысты уақытша модульді ауруханаға көшірілген. Ал модульді аурухана қаладан алыс, жазық далада орналасқандықтан, оның үстіне құрастырылған ғимарат болғандықтан, іргетасы жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, тышқан бұған дейін әкімшілік және шаруашылық бөлімдерінен де көрінген. Ал жүкті әйелдер жатқан бөлімшелерде болмады,- дейді. Ақ халаттылар залалсыздандыру жұмыстары уақытымен жүргенін айтып отыр.

Эльмира ЕРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІГЕР-ЭПИДЕМИОЛОГЫ:

Әкімшілік, шаруашылық бөліктен көрдік. Бөлімшеде біз үнемі жоспарлы деротизациялық жұмыс жүргіземіз. Және болған жоқ еді бұған дейін. Антропоноздық инфекцияның ошағы деп айтылады. Бірақ бұл дала тышқаны ондай қауіп тудырмайды. Ия, әрине болмағаны жөн. Енді деротизациялық жұмысты жиілетіміз, айына бір рет болса, енді екі рет өткіземіз осы айдан бастап.

Б. Надірқызы