Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды

AstanaTV
06.02.2023ж. 20:00
1412
Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды. Полиция мәліметіне сүйенсек, оқушы оянғанда үйдегі сағат тілі таңғы 07:00 ді көрсеткен. Осылайша ол мектепке шығып кеткен. Ал, тұрғындар бүлдіршінді мектеп маңыннан көре сала 102 нөмеріне ақпарат берген.

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Астана қаласының 26 мектеп жанында кәмелетке толмаған баланың жүргені туралы хабарлама түсті. Бұл хабарлама бойынша полиция қызметкерлері дер кезінде кәмелетке толмаған баланы тауып оны ата-анасына тапсырды. Жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 442 бабы 2 бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Д. Оңласын