$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезі өтті

AstanaTV
07.02.2023ж. 20:00
2176
Елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезі өтті

«AMANAT» партиясы мәжіліс сайлауына 119 үміткер ұсынды. Оның 90-ы партиялық тізіммен, 29-ы бір мандаттық округтер бойынша қатысады. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезінде айтылды. Жиында мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттардың толық тізімі жарияланды. Толығырақ алдағы сюжетте

Шараға 2000-нан астам адам қатысты. Оның ішінде саяси кеңес мүшелері, мәжілістің VII шақырылымының бұрынғы депутаттары мен өңірлерден келген делегаттар бар. Жас параолимпиадашы Серік Есматов алғашқылардың бірі болып сөз алды. Небәрі 13 жасында екі аяғынан айрылған жігіттің өмірге деген құлшынысы зор. Тағдырдың сынағына мойымай, тек алға ұмтылып келеді.

Серік ЕСМАТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЭКС-ДЕПУТАТЫ:

13 жасымда мен пойыздың астына түсіп, екі аяғымнан айырылдым. Жарты жылдан астам уақыт бойы операция жасап, аман қалдым. Алғашқыда мен өзіме, өміріме ашуландым. Тіпті барша әлемге ашулы болдым. Бірақ мен бір нәрсені түсіндім. Мен өмір сүремін деп шештім. Бір жылдан соң, параолимпиада жүлдегері болдым.

Съезге қатысушыларға Серіктің және өзге де жастардың жігерлі сөзі ерекше рух берді. Әр адам-тұлға. Партияның Мәжіліс сайлауына ұсынған үміткерлерінің арасында да ел-жұртқа танымал азаматтар жетерлік. Экс-министр Асхат Аймағамбетов те сол қатарда бар. Ол бұған дейін Қарағанды облысында мәслихат депутаты болғанын айтып, бұл бағытта тәжірибесі бар екенін жеткізді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ:

Кезінде мен партиясыз өзім бір мандаттан депутат болып шықтым. Біраз мәселелерді шештім, маслихатта болдым. Бірақ сонда 2 мәселені түсіндім: бірінші ол бізге үлкен саяси трансформация керек., екінші ол жалғыз адам үлкен жүйелі кешенді проблемаларды шеше алмайды. Осыған байланысты мен осындай қолдау керек екенін, жалпы бір адам емес, топтасып проблеманы шешу керек екенін жақсы түсініп отырмын.

Ұсынылған тізімде танымал тұлғалардың тағы бірі ол - Ринат Зайытов.

Ринат ЗАЙЫТОВ, СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ:

Ең бірінші төзім керек жаңағы бүкіл елдің, жұрттың сөзін көтеру үшін. Сосын қажыр- қайрат керек.Осыны дәлелдеу үшін іспен. Мен өз басым ешбір қадамыма өкінбеймін. Екі жыл театрдағы істеген қызметімнің өзі үлкен тәжірибе болды.

Партияның төрағасы Ерлан Қошанов партия құрамының 75 пайызға жаңартылған атап өтті. Жаңа тізім бойынша 29 процентті әйелдер, 15 процентті жастар құрады дейді.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«AMANAT» партиясы мәслихаттарға 3821, ал мәжіліске 119 кандидат ұсынды. Бұл құрамда барлық өңірдің, барлық саланың өкілдері бар. Олар - беделді, білімді тұлғалар. Нағыз патриот азаматтар. Олардың артында өздеріңіздей адал партияластар бар. Қалың орман халқымыз бар.

Сондай-ақ, съезде партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Оның толық мәтіні үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күндерінде жарияланады.

Б. Сатуов