$448.05 €486.58 ₽5.82
×

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай?

AstanaTV
08.02.2023ж. 12:33
431
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай?

«Қазгидромет» РМК 9-11 ақпанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер алдағы күндері әлі де ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын айтады.

«Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклон жырасының ықпалымен; солтүстігінде және солтүстік-батысында Салехард аумағынан келетін циклон жырасына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар жауады деп болжанады. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады және желдің күшейеді.

«11 ақпанда батыс антициклонының жотасы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, онымен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және түнгі температура 8-21 аязға дейін төмендеуі мүмкін», - делінген хабарламада.

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах