Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Болашақ» бағдарламасы: Бас прокуратура қаражатты мақсатсыз пайдалану фактісіне тексеріс жүргізеді

AstanaTV
08.02.2023ж. 12:34
1438
«Болашақ» бағдарламасы: Бас прокуратура қаражатты мақсатсыз пайдалану фактісіне тексеріс жүргізеді

Бас прокуратура қаражатты мақсаттан тыс пайдалану мəселесі бойынша Халықаралық бағдарламалар орталығын тексереді. Бұл туралы таратылған Мәжілістің 7-ші шақырылым депутаттары сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлерінің қаражатты мақсаттан тыс пайдалануы мəселесі бойынша тексеру жүргізу туралы «Ақ жол» фракциясы депутаттарының сауалына келесіні хабарлаймыз. Бүгінде баяндалған дəлелдерді қараудың объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты талдау жəне жинау жүргізілуде. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін Халықаралық бағдарламалар орталығында тексеруді бастаймыз. Нəтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», - делінген Берік Асыловтың жауабында.