Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының жартысын шетелдік компанияларға инвестициялай алады

AstanaTV
08.02.2023ж. 20:00
670
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының жартысын шетелдік компанияларға инвестициялай алады

Қазақстандықтардың зейнетақы шоттарында жеткілікті шектен асып тұрған барлығы 600 миллиард теңге жиналған. Айта кетейік, екі жыл ішінде салымшылар қордан түрлі себептермен үш жарым триллион теңге алған еді. Қаражаттың 90 проценттен астамы тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал қалғаны емге жаратылған. Ал ешқандай қажеттілігі болмаған азаматтар қордан артылған ақшаларын қаражатты басқарушы компанияларға аударды. Енді мұндай мүмкіндік барлық қазақстандықтарға берілмек. Салымшылар жиналған қаражатының жартысын жеке компанияларға инвестициялай алу үшін арнайы заң жобасы әзірленуде.

Мария ХАДЖИЕВА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз Қазақстан аумағында зейнетақы активтерін басқару бойынша шетелдік басқарушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеп отырмыз. Ең маңызды критерий менеджердің рейтингі болады, яғни инвестициялық несиелік рейтинг, басқару рейтингі және оның нарықтағы беделі.

А. Базарбай