Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Әлеуметтік желідегі жалған жұмыс жарнамалары азаяр емес

AstanaTV
08.02.2023ж. 20:00
1248
Әлеуметтік желідегі жалған жұмыс жарнамалары азаяр емес

Әлеуметтік желіні ашсаң, «Үйде отырып ақша тап», «Оператор керек», «Студенттерге жұмыс» бар деген жарнама жетеді. Жұмыс ұсынушылар сондай-ақ, жұртты мол табыспен еліктіріп қояды. Солардың біріне әріптесім Дәрібек Бахытбек хабарласып көрді. Олар ақшасы көп, ісі жеңіл қандай жұмыс ұсынды? Көрейік.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Ғаламторды ашсаң, жұмыс бар, табысы мынадай, 2 күн істеп, 2 күн демаласың деген сияқты жарнама көп. Солардың біріне мен де хабарласып көрдім. Ол не деген батпан құйрық? Қазір бірге білеміз.

- Алло сәлеметсіз бе! Жұмыс бойынша хабарласып тұр едім.

- Жасыңыз нешеде?

- 22 де

- Аха, хорошо, міндетіңіз сіздің телефонға жауап беріп заявка қабылдайсыз. Базамен жұмыс жасайсыз қазақша түрде.

- Қашан бару керек?

- Бүгін келсеңіз болады 6-ға дейін.

Жұмыс ұсынушы мені бірден сұхбаттасуға шақырды. Еш қарсыласпай бардым.

Сіздің функцияңыз қоңырауларға жауап беру. Заявкаларды қабылдау. Ватцап бойынша жауап беру. Оплата бірінші айда наверное 250 мың теңге көлемінде болады. Күндік табыс бар. 5,6,7,8,10 мыңға дейін алуға болады.

Іште мен секілді жас толып жүр. Қолдарында- ақ парақ. Не барын қайдам? Көре алмадым. Есесіне осы жұмыстың құрбаны болған қала тұрғыны - Элеонора ол туралы айтып берді.

ЭЛЕОНОРА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жұмыс бар дегеннен кейін көрейін дегем. Бірақ ол алдын ала төлем сұрады да. Жарайды енді берейін, артынша ол ақшаны кейін заказды қабылдап болғаннан кейін қайтадан сол суманың ішіне кіреді деді. Сосын шыңымен сеніп бердім мен. Сосын ол сол бойы сенімсіз болып шықты.

Бұндай жұмыстан жастар ғана емес ересектер де хабардар екен. Бірақ алданған емеспіз дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бұндай алаяқтарға сенуге болмайды. Жеңіл жұмыс, жасап ақша табамын деген өтірік. Сондықтан абай болған жөн.

- Әлеуметтік желіге көп сене беруге болмайды. Өйткені қазір алдаулар көп кездеседі ғой. Сондықтан көз жеткізіп барып барған дұрыс ғой.

Астана қалалық полиция департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, биылдың өзіңде елорда аумағында 443 интернет алаяқтық тіркелген.

Мейрам БЕКТҰРҒАНОВ, АСТАНА қ. ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КИБЕР ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі таңда осы интернет алаяқтықты ашуға бағытталған шаралармен 29 адам ұсталды. Олардың 13 қамауға алынды. Бұл өсімге елімізде цифрландырудың белсенді дамуы, онлайн сату мен сатып алудың, ақпараттық жүйелерін пайдаланушылардың өсуі ықпал етті.

Ең бастысы талайды құрдымға құртқан жалған жұмыс жарнамасына сеніп алданып қалмаңыз. Себебі оңай олжаға кенелу мүмкін емес. Жұмыстың жеңілі жоқ.

Д. Оңласын