Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

ДИАҚБ Қазақстанда сайлауды бақылау жұмысын бастады

AstanaTV
08.02.2023ж. 20:00
682
ДИАҚБ Қазақстанда сайлауды бақылау жұмысын бастады

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясын бастады. Делегация құрамында 11 халықаралық сарапшы, 32 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді бақылаушы болады. Олар науқанның барлық аспектілерін, соның ішінде әлеуметтік желілерді де жіті қадағаламақ. «Ұйымның бақылауы мен есептеулері шынайы болуы үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?» деген сауалымызға Оуэн Мерфи жалтарып жауап берді.

Оуэн МЕРФИ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУДЫ БАЙҚАУ ЖӨНІНДЕГІ МИССИЯ БАСШЫСЫ:

Біздің миссияны Қазақстан билігі шақырғанын, өз кезегінде біз тәуелсіз бақылау жүргізетінімізді атап өткім келеді. Негізгі байқаушылар тәжірибелі сарапшылар болып есептеледі. Олар сайлау, референдум мәселелері бойынша білікті мамандар. Біз бақылаушылар тобын республиканың әртүрлі аймақтарында орналастырамыз. Олар бір уақытта жұмыс істейтін болады. Мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясы туралы да айттым - бұл бақылаудың тағы бір деңгейі. Парламенттік Ассамблеясымен бірлесіп сайлаудың алдын ала есептері туралы мәлімдеме жасаймыз және осы шаралардың барлығы сайлауды бақылауды толық қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Ә. Дүкембаева