Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«AMANAT» партиясы ОСК-ға құжат тапсырды

AstanaTV
08.02.2023ж. 20:00
1106
«AMANAT» партиясы ОСК-ға құжат тапсырды

Бүгін орталық сайлау комиссиясына Республика партиясы құжаттарын тапсырды. Олар мәжіліс депутаттығына 25 үміткерді ұсынды. Оның 8-і – әйел. Одан кейін «AMANAT» партиясының өкілдері келді. Атқарушы хатшы Елнұр Бейсенбаев жақтастарымен бірге құжаттарын өткізді.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бүгін «AMANAT» партиясы ОСК-ға кешегі біздің өткізген съездің қорытындысы бойынша, өзіміздің партиялық тізім бойынша өкілдерімізді тапсыруға келдік. Кеше съезге 2 мыңнан аса азамат қатысты. Бүкіл еліміз бойынша біз барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3821 кандидаттың тізімін, сондай-ақ Мәжіліске 119 азаматтың тізімін ұсындық. Оның ішінде бүгін орталық сайлау комиссиясына 90 азаматтың партиялық тізіммен келіп ұсынып отырмыз.

Бұған дейін орталық сайлау комиссиясына 4 партия – Ақ жол, ЖСДП, Байтақ және Қазақстан халық партиясы құжат өткізген. Енді Орталық сайлау комиссиясы оны тексеріп, үміткер куәлігін береді. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпанда басталады.

Б. Сатуов