Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Электронды темекінің ірі партиясын шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар құрықталды

AstanaTV
08.02.2023ж. 21:12
909
Электронды темекінің ірі партиясын шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар құрықталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізудің кезекті фактісін анықтады. 2023 жылы ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының "Қарасу" автомобильдік өткізу пунктінде құны 370 млн теңгеден астам сомаға бағаланған электрондық темекінің ірі партиясын ілеспе құжаттарсыз алып өтпек болған шетелдік азаматтардың әрекетін тоқтатты.

Сондай-ақ Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Ыстамбұл – Алматы" халықаралық рейсінде ілеспе құжаттарсыз сомасы шамамен 10 млн теңге тұратын алтыннан жасалған бұйымдарды әкелуге тырысқан ҚР азаматы ұсталды.

"Ұсталған азаматтар одан әрі қарастыру үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды",- деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі