Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Арнайы бортпен Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды

AstanaTV
09.02.2023ж. 08:05
1489
Арнайы бортпен Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды

Арнайы бортпен Түркиядан елімізге 64 адам жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Газиантеп қаласынан арнайы бортпен Қазақстанның – 42, Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды», - деп мәлім етті оқиға орнынан ақпарат таратып жатқан агенттік тілшісі Ақжігіт Шүкібай.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

Осы уақытта арнайы борт Астана халықаралық әуежайына қонды. Эвакуацияланған адамдар паспорттық бақылаудан өтіп жатыр.

Еске салайық, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке қонған болатын. Мамандарымыздың екінші тобы Газиантепке кешке кешқұрым жетті. Қазақстан ұшағымен алғашында 16 адам эвакуацияланған болатын.

Қазір Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтар іздестіріліп жатыр. Олардың бірі – Сабина Мамадьярова 8 ақпан күні кешке аман-есен табылды.


Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі басқарманың (AFAD)дерегіне сәйкес, 6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Түркия басшысы Режеп Тайи Ердоған 10 провинцияда 3 айға төтенше жағдай режимін енгізді.

Кеше, 8 ақпанда түрік елінде 5,4 магнитудасымен тағы бір сілкініс тіркелді. Соңғы мәліметке сәйкес, Кахраманмараштағы зілзала салдарынан 12 391 адам көз жұмды, 62 914 адам жарақат алды.