$520.93 €609.07 ₽6.68
×

БҚО-да қыстаудан ер адамның оқ тиген денесі табылды

AstanaTV
10.02.2023ж. 19:50
957
БҚО-да қыстаудан ер адамның оқ тиген денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында қыстауда тұратын ер адамды атып кетті. Күдікті қолға түсті. «Мой город» порталының хабарлауынша, ер адамның денесі 9 ақпанда таңғы сағат 7:00-де Бөкей ордасы ауданындағы«Бозой қыстауынан табылған.

«1989 жылы туған ер адам сол жақ білегі мен арқасынан оқ тиген жарақаттан қайтыс болды», - делінген хабарламада.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті – 1981 жылы туған азаматтың ұсталғанын хабарлады. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.