Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс істеп жатыр

AstanaTV
10.02.2023ж. 21:01
830
Елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс істеп жатыр

Фармацевтика саласында отандық тауар өндірушілер үлесі 162,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс істеп жатыр. Оның 34-і - дәрілік заттар шығарумен айналысса, 41-і медициналық мақсаттағы заттарды, 22-сі медициналық техника жасауды меңгерген», - деді Ж. Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, еліміздегі фармацевтика саласы ақшалай эквивалентте 863 млрд теңгені құрап отыр. Соның арасында отандық тауар өндірушілер үлесі 162,6 млрд теңгені құрады.

«2022 жылы жергілікті фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің үлесі 19 пайызды, импорттық өнім 81 пайызды құрады», - деді вице-министр.

Айта кетейік, 2021 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

«Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет», - деді Президент.