Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қарағандыда ҚР Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті

AstanaTV
29.08.2016ж. 20:00
3324
Қарағандыда ҚР Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті

«Азат елдің ар-намысы - Ата заң». Осындай атаумен Қарағандыда Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті.  Шараға бір кездері Елбасымен бірге қызмет атқарған азаматтар, мәслихат депутаттары, этномәдени орталық өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары келіп, өзара пікір алмасты.  Мақсат - Ата заңның рөлі мен маңыздылығын нығайту. Жоғары заңдық күші бар құжат қазақстандықтардың бір шаңырақ астында бейбіт өмір кешіп, ары қарай дамуына мүмкіндік береді,- дейді дөңгелек үстелге жиналғандар.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Біздің Ата заңымыз халқымызға өз мақсаттарын барлық бағытта жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елбасының басшылығымен бет алған бағытымыз одан әрі нығая түсетіні сөзсіз.