Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Екібастұзда әлі 30-ға жуық көпқабатты үй жылуға жарымай отыр

AstanaTV
13.02.2023ж. 20:00
1119
Екібастұзда әлі 30-ға жуық көпқабатты үй жылуға жарымай отыр

Екібастұзда әлі 30-ға жуық көпқабатты үйде жылу мардымсыз. Тұрғындар жылытқыш қосып жан бағуда. Ал 4 мектепте жағдай күрделі. Жылу қысымы өте төмен. Сондықтан оқушылар қашықтан оқуға көшті.

Екібастұздықтар биылғы қысты қоңыр салқын үйде өткізуге мәжбүр. Өйткені, жылу жүйесіне күрделі жөндеу жасалмайынша, жағдай оңалар емес. Тұрғындар жылытқыш қосып, жан бағып отыр.

Альмира ӘБІЛҚАЙЫРОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жолы біз обогреватель сатып алдық. Обогревательмен бір комнатаны жылытамыз. Кісі келіп жатса, залға қоямыз. Осылай әрбір комнатаны жылытып жүреміз.

Қазір қаладағы 26 көпқабатты үйде жылу қысымы төмен. Мамандар желілерді тазалап жатыр. Өйткені құбырлар бітеліп қалғандықтан, жылу үйлерге тиісті дәрежеде жетпей жатқанын айтады.

Асайын БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жылу мысалы, ол үйге 64-65 градуспен кіреді. Бірақ, үйдегі жылу радиаторларында 39, 41, 45 деп әр түрлі көрсетеді де. Бір пәтердің 3 комнатасында 3 бөлек температура көрсетіледі. Ол үшін біз оны қайтадан жуып тазалауымыз керек. Сондықтан, біз жоспарды бекіттік.

Аян БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

150-ге жуық табылған ақаулардың көбісі жойылды. Бүгінгі күнге тағы 21 ақау бар. Оларды уақытша жойдық. Материалдық, еңбек ресурстары бар. Күн жылынғаннан кейін жақын арада бұл ақаулар бойынша жалғастырылатын болады.

Бұдан бөлек, қаладағы 4 мектеп жылуға жарымай отыр. Оқушылар қашықтан оқуға жіберілген. Десе де, алдағы бірнеше күнде жағдай қалыпқа түседі деп отыр жауаптылар. Ал жұмысына салғырт қараған «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесинді қызметінен босатылды.

Ө. Қуанар