$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Ақтаулық ата-аналар 6 жасар қызды зорлаған педофилді қатаң жазалау үшін қол жинап жатыр

AstanaTV
31.08.2016ж. 20:00
3425
Ақтаулық ата-аналар 6 жасар қызды зорлаған педофилді қатаң жазалау үшін қол жинап жатыр

Қаршадай қыздарға қиянат жасайтын педофилдер қатаң жазалануы тиісті. Осылай деген ақтаулық ата-аналар қол жинап жатыр. Бұл іске Ақтауда 6 жасар қыздың зорлануы себеп болған. Олар балаларға қорлық көрсеткен педофилдер қатаң жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр. Үндеу президентке жолданбақ. Өйткені жұрттың төбе шашын тік тұрғызған оқиға әлі де көпшілікті алаңдатып отыр. Оқу жылы басталып қалғандықтан, ата-аналар ұл-қыздары үшін алаңдап отырғандарын айтады.

Анна Лукьянченко, ерікті:

Өлім жазасын қолданбайтыны белгілі, қазір біз басқа заманда өмір сүріп келеміз. Нақты кінәліні тауып, түрмеге тоғыту керек. Біздің арамызда мұндайлар болмауы керек. Сондықтан қол жинап жүрген еріктілерді толық қолдаймыз. Мұндайларға аяусыз жаза кесілсе екен дейміз.

Естеріңізде болса, 20 тамыз күні 6 жасар қызды бәз біреу аяусыз зорлап, жағажайлардың біріне тастап кеткен. Көп қан жоғалтқан сәби ес-түссіз жатыр. Дүйсенбі күні санавиациямен Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы әлі де ауыр деп отыр. Бұл іске қатысты бір күдікті ұсталды. Алайда зерттеу қорытындысы әлі шыққан жоқ.