Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елде теракт ұйымдастырмақ болған үш экстремистік топ өкілдері ұсталды - ҚР ҰҚК

AstanaTV
31.08.2016ж. 20:00
4090
Елде теракт ұйымдастырмақ болған үш экстремистік топ өкілдері ұсталды - ҚР ҰҚК

Елде терактінің алды алынды. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы экстермистік топ өкілдері құқыққорғау органы қызметкерлеріне шабуыл жасап, кісі қарасы көп жерлерде теракт жасамақ болған. Бұл ақпаратты туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратты.

Хабарламада бұл аймақтардан үш бірдей экстремистік топ өкілдері ұсталғаны, ал оларды құрықтау операциясы тамыздың 12-сі мен 30-ы аралығында жүргізілгені жазылған. Ұсталғандардан қару-жарақ, қолдан жасалған жарылыс құралдары мен экстермистік бағыттағы аудио және баспа кітаптар тәркіленген. Өз ұйымдарын қаржыландыру үшін тіпті жалған ақша да басып шығарғаны белгілі болды. Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысында 10, Ақтөбе облысында 11 адам қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты бірнеше баппен сотқа дейінгі тергеу басталған.  

Д.БАҚДАУЛЕТ