Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Талдықорғанда көлік апатынан 5 және 6 жасар бала зардап шекті

AstanaTV
14.02.2023ж. 08:04
1035
Талдықорғанда көлік апатынан 5 және 6 жасар бала зардап шекті

Талдықорғанда 12 ақпан күні Nissan Juke және Haval Dargo автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарына қарағанда, көліктердің бірінің салонында болған 5 және 6 жасар екі бала зардап шекті.

Polisia.kz

Балалар әртүрлі жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Екі көліктің жүргізушілері де медициналық тексеруден өтті. Шетелдік автокөлікті басқарған 48 жастағы әйелдің мас екені анықталды. Полиция оны медициналық айықтырғышқа алып барды, ал оның Nissan Juke автокөлігін және апатқа түскен екінші Haval Dargo автокөлік те арнайы автотұраққа орналастырылды.

Жол-көлік оқиғасына жүргізушілердің қайсысы себепкер болғанын ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы ("Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталады.