$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау мектептеріндегі 305 бейнекамера ауыстыруды қажет етеді

AstanaTV
14.02.2023ж. 20:00
2212
Атырау мектептеріндегі 305 бейнекамера ауыстыруды қажет етеді

Петропавл мектебіндегі оқушының жаға ұстатар әрекетінен соң аймақтардағы білім ордалары күзет қызметінің жұмысын жанталасып тексеріп жатыр. Бейнекамералардың жедел басқару орталығына қосылуын қадағалауда. Мәселен, Атырау қаласында 305 бейнекамераны ауыстыруды қажет екендігі анықталды. Тіпті кейбір камералардың түсірілімін сақтайтын жадылары істен шыққан болып шықты. Ал өзге өңірлерде жағдай қалай? Тілшілер айтады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Атырауда қала маңындағы елдімекендердегі 14 мектеп полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылмаған. Техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр деген желеу айтады.

Ал Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектепте 40 бейнекамера орнатылған. Ішкі бақылаудың полицияның жедел орталығына қосылған-қосылмағанынан директор бейхабар болып келген. Тек түсірілім барар кезде ғана сұрастырдық,- дейді. Ал бірінші қабаттағы 16 камера іске қосылып тұрғанымен, видео сақталмайды.

Рамазан ЕГІЗӘЛИЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Өзімізде балалар инспекторы бар сұрап білгенде бүгінгі таңа қосылып тұр деп айтты камерамыз. Біздің бірінші этажымызда көрсетіп тұратын 16 камерамыз жесткий диск сақталуы жасамай тұр, оны хабарладық жөндейтін кісілерге әкеліп қондырамыз деді.

Ал сырттағы бейнебақылауға күзетшілер жауапты. Тәулігіне 24 сағат көз алмай, бақылап отырамыз. Бірақ, алатынымыз 70-ақ мың теңге, - дейді олар. Білім басқармасының ақпаратынша, шаһардағы мектептердің 17-сіне мамандандырылған, ал 33-іне лицензияланған күзет қызмет көрсетеді. Ал оларда көбіне зейнет жасындағы адамдардың еңбек етуі білім басқармасын ойлантып қойды.

Гүлнара СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Күзет мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жариялап жұмысқа келгеннен кейін бұл жерде анықталып отырған бір мәселе қызметкерлердің жасы зейнеткерлік жастағы ағай-апайлар екен. Жалпы бұл мәселе көтерілуде, жолға қойылуда, аты күзет болғаннан кейін күзетке тапсырдық деп толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деген ойдамыз.

Биылғы оқу жылында мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 88 млн. теңге бөлінген. Оған 200 мектепке «дабыл түймесі» қондырылды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Әзірге қаладағы 63 мектептің 45і ғана жедел бақылау орталығына қосылған. Білім беру саласына жауаптылар оқушылардың қауіпсіздігін күшейту жұмыстарын жалғастырамыз, - дейді. Ал Павлодарда жағдай қалай? Әріптесім Өзгеріс Қуанар жалғастырады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Ал Павлодарда соңғы кездері "мектепке бомба қойылды" - деп жалған хабар таратушылар тыйылмай тұр. Күні кеше қаладағы 19 мектепке осындай хабарлама түскен.

Салдарынан 2000 мыңнан астам оқушысы қауіпсіз жерге шығарылды. Мұндай хабарлама балабақшаларға да жеткен. Бірақ, оларға эвакуация жасалған жоқ.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Полицияға 34 жалпы орта білім беру мектебі директорының электрондық поштасына “мектепте мина қойылған“ деген мазмұнмен хабарлама келіп түскені туралы арыз түсті. Оқиға болған орынға барлық қызметтер шұғыл жіберілді. Жедел топтың қызметкерлері мектеп ғимаратына тексеру жүргізді. Тексеріс кезінде қандай да бір күдікті зат анықталған жоқ. Осы факті бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Жалған хабар берушіні полиция іздеп таппай жатыр. Ал білім басқармасы мектептердегі қауіпсіздікті күшейткен. Қазір оқу ордаларына кіріп шығу қатаң бақылауға алынды.

Б. Надірқызы