Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда автонесиеге онлайн өтінім берген алғашқы тұтынушылар бүгін көліктерін алды

AstanaTV
14.02.2023ж. 20:00
1370
Қарағандыда автонесиеге онлайн өтінім берген алғашқы тұтынушылар бүгін көліктерін алды

Қарағандыда автонесиеге онлайн өтінім берген тұтынушылардың алғашқылары бүгін көліктерін алды. Қалада 30 шақты адам өтінім беріп үлгерген. Ал Қазақстан бойынша 745 адамның бағы жанды.

Медеу Оспанов Chevrolet cobalt автокөлігінің кілтін қолына алды. Бұл -25 жастағы жігіттің алтыншы машинасы. Жыл сайын темір тұлпар айырбастайтын тұтынушы банк арқылы бірнеше рет автонесиеге өтінім берген. Бірақ бір апта бұрын онлайн рәсімдеп, жолы болды.

Медеу ОСПАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көбісі әділетсіздік деп айтып жатыр.Бірақ мен өз күшіммен адал тәсілмен алдым. Мен дайын отырдым 9 жарымнан бастап и онда уже дайын болдым, ЭЦП ключтарымды енгізіп бірінші, екінші этаптан тез- тез өттім. Барлығы 10 секунд уақыт алды, соның арқасында машина менікі.

Автоорталық мамандарының айтуынша, қазір осы Chevrolet cobalt маркасына сұраныс жоғары. Ол әрине бағасы мен сапасына байланысты, бұл көлік қазір шамамен 7 млн теңгеге сатылып жатыр. Автонесиеге онлайн өтінім берушілердің алғашқы легі осы айда машиналарын алып бітеді. Ал келесі өтінім қабылдау кезеңі наурыз айында ашылмақ.

Нұрбол СМАҒҰЛОВ, АВТООРТАЛЫҚТЫҢ САТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл қазақстандықтарға үлкен мүмкіндік беріп жатыр. Қазір біздің қолымыздан 4 пайыздық несиемен мұғалімдер де, шахтерлар да көлік әкетіп жатыр. Өмірінде машина алмаған кісілер де алып жатыр. Ата- анасына сыйлық ретінде алып беріп жатыр.

А. Қуаш