$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шетелге шығу қымбат, өзге елге бару үшін керекті құжат та арзан емес!

AstanaTV
14.02.2023ж. 20:00
3724
Шетелге шығу қымбат, өзге елге бару үшін керекті құжат та арзан емес!

Шетелге шығу қымбат, өзге елге бару үшін керекті құжат та арзан емес! Сенат депутаттары жыл сайын қалтаны қаққан паспорт бағасын түсіруді ұсынудан қайтар емес. Құжат құнын арзандату соншалықты қиын ба? Дәрібек Бахытбек жауап іздеді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Менде паспорт жоқ. Сондықтан қазір жасатуға келдім. Ол үшін алдымен, өздеріңіз білесіздер, халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Мамандардан алдымен кеңес алайын. Паспорт алу үшін не қажет?

Паспорт жасату құны-27,600 теңге. Дегенмен, мамандар бағаның қымбаттығына қарамастан келушілердің қарасы көп екенін айтады. Ресми мәліметке сүйенсек, 2021 жылы 700 мыңға жуық төлқұжат жасалса, 2022 жылы 1 млн-ға жуық паспорт дайындалған. Ал, биыл бір айдың ішінде 85 мыңнан астам адам паспорт алған.

Ернар МЫРСАҒАТҰЛЫ, САРЫАРҚА АУДАНЫ №2 ХҚКО БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Төлқұжат алуға күніне шамамен 150-200 өтініш қабылдаймыз. Және жеделдетілген түрі бар. Ол екі санатты бөлінеді. Бірінші санат қосымша мемлекеттік баж салығын төлей отыру арқылы бір күн бір жұмыс күн ішінде 4983 теңге төлеп бір күннің ішінде рәсімдеуге болады.

Жұрттың бәрі паспортты жетіскеннен алмайды. Ол шетелге қыдыратындар үшін ғана емес. Бірі өзге елге емге барса, енді бірі туған туысына барады.

БЛИЦ:

- Паспорт алу қазір қолайсыз қымбаттап кетті. Бағасы 27,600 паспорт негізі бағасын түсірсе халыққа ыңғайлы болар еді. .

- 27,600 бірденге болып кетті. Қымбат ғой. Халықтың жағдайымен ауыр. Жұмыс жоқ. Жетіскеннен алмаймыз. Өлім -жітім болады. Соған сәйкес алып жатырмыз. Амал жоқтықтан аламыз.

- Паспорт жасату бағасы адам шошырлықтай қымбаттап кеткен. Мәселен мен Ресейге анамның құлыптасын ауыстыруға бару керекпін. Амалдың жоқтығынан жасатып отырмын.

Бұл мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Депутаттар паспорт құнын төмендетуді ұсынған, бірақ әлі ол шешілер емес. Ал, ішкі істер министрлігінің айтуынша, паспорттың осы бағасы әзір сақталады, тек балалар үшін сәл арзандауы мүмкін.

Нұржан ЖАҢАБАЕВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

16 жасқа дейінгі балаларға ҚР паспортын бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке төмендету мәселесі қаралуда. Қазіргі таңда, заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауында. Ұсынылған жоба қабылданған жағдайда , 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға ҚР-ның паспортын бергені үшін мемлекеттік баж 4 АЕК-ті құрайтын болады.

Ең бастысы жұртшылық баға қалтаға қонымды болса дейді.

Д. Оңласын