$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен жаңа мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі

AstanaTV
31.08.2016ж. 20:00
3730
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен  жаңа мектеп жаңа оқу жылында  пайдалануға беріледі

Аумағы кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өткен Алматыдағы №157 мектеп мерзімінен бұрын пайдалануға берілетін болды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы комиссиясы мүшелерінің №157 орта мектебінде жүргізген бақылау рейдінде айтылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Жас қанат» шағын ауданында күрделі жөндеуден өткен білім ордасының құрылысы былтыр басталған. Биыл 25 қыркүйекте аяқталуы тиіс еді. Бірақ мердігерлер тапсырысты мерзімінен бұрын орындады. Бұрын 600 баланы қабылдауға қауқарлы мектеп ертең 3 мыңдай балаға есігін айқара ашпақ. Онда спорт зал, 4 химия және 12 мультимедиялық кабинет және  компьютерлік кластар бар. Бұдан бөлек, қыздар мен ұлдарға арналған шеберхана ашылған.

Асылхан Төлепов, Алматы қалалық мәслихат депутаты:

Бұл мектеп 1200 оқушыны қамтитын мектеп. Бірақ бұл жақта оқитын оқушылар саны 2900-ға жуық. Меткепте білім беретін ұстаздардың саны 154. Мектеп жалпы  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынды. Құрылысқа жалпы көлемін айтқанда негізі 25 қыркүйекте аяқталуы керек болатын. Бір ай көлемінен ерте бүгін құрылыс аяқталды. Соңғы күні тексерістер болып, мектеп оқушылары, мектеп мұғалімдері, мәслихат депутаттары келіп, біз осы қорытындысын жасадық. Барлығының көңілінен шықты.

Света Ахметова, №157 орта мектеп директоры:

Бүгінгі күні осы жерге келуге 2900 балаларымыз білім алуға дайын отыр. Оның ішінде 570 оқушы бірінші сыныпқа келеді. 400 оқушы қазақ класына, 147 оқушы орыс сыныбына. Енді «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған осы мектепке еліміздің Президентіне, қаламыздың әкіміне алғысымыз шексіз. Балаларға  тек 4-5-ке  оқуға сәттілік тілейміз.

Айгүл ЕРМАХАН