Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Түркияда 222 сағат бойы үйінді астында жатқан әйел адам құтқарылды

AstanaTV
15.02.2023ж. 16:59
883
Түркияда 222 сағат бойы үйінді астында жатқан әйел адам құтқарылды

Түркияда жер сілкінісінің оныншы күнінде, яғни 222 сағат өткен соң үйінді астынан 42 жастағы Мелике Имамоглу құтқарылды. Бұл туралы Anadoly агенттігі хабарлады.  

Әйел Кахраманмараш провинциясыныі Оникишубат ауданында құлаған үй қирандыларының астында 222 сағат жатып қалған. Қираған үй орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын Бурса провинциясының жасақтары жүргізіп жатыр. Үйінді астынан шығарылған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл) болды.

Жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінде 35,4 мыңнан асты. Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияның бірқатар провинциясында жер сілкінісінен 3,6 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Айта кетерлһрлігі, бүгін Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберетіні белгілі болды. Қазақстан Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.