Ақсуда 12 млрд. теңгеге салынған жылу қазандығы-жарамсыз. Себебі, құрылысты жоспарлау кезінде қателік кеткен. Мамандар 4 жылдан бері қазандықты іске қоса алмай отыр. Ал қала халқы қыста жылуға жарымайды. Құзырлы органдар жобадағы қателікті түзетуге уақыт бергенмен, одан да нәтиже болмапты. Соңғы жылдары Павлодар облысында құрылыс талаптарын сақтамайтын компаниялар көбейген. Соның салдарынан 50-ге жуық құрылыста түрлі заңбұзушылық анықталды. Құлауы мүмкін деген 4 көп қабатты нысан бұзылмақ.
Арман ШАҒАРМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Аталған үйлер бойынша сот шешімімен заңды күшіне енді. Қазір бұл құрылыстарды бұзу жұмыстары күтілуде. Сот шешімі сот орындаушыға берілді. Қамзин көшесі 102 мекен-жайындағы үйді де бұзу туралы сотқа талап арыз жолданды. Бүгінгі күні сот аппелациялық шағымды қарап жатыр. Осы айдың соңында сот шешім шығаратын болады.
Ө. Қуанар