$481.19 €538.45 ₽5.18
×

Екібастұзда жеке үй өртенді

AstanaTV
16.02.2023ж. 10:47
755
Екібастұзда жеке үй өртенді

Екібастұзда түнде жеке үй өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

16 ақпан күні сағат 01:24-те Пішембаев көшесі, 11 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Кірпішпен қапталған жеке ағаш үйде жиһаз және ағаш қаптамалары жалпы алаңы 15 шаршы метрде жанған.

"Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Өрт 01:54-те жойылды", - деді Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар бөлімінде.

Өртті сөндіруге үш техника мен №2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының 14 адамы қатысты.