Ішімдік пен есіркіге құмар және психикалық дерті бар жасөспірімдер өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына қабылданбайды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі, психикалық, мінез-құлықтық бұзылу ауруларының белгісі бар кәмелетке толмағандар өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына орналастырылмайды», - делінген жаңа редакцияда.
Мұнымен қатар, балаларды аталған орталықтарға орналастыру мерзімдері де өзгереді. Атап айтқанда, енді өтініш түскен сәттен бастап кәмелетке толмағандар 3 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Бұйырықты ашық талқылау 1 наурызға дейін жалғасады.