БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сырым ауданы Қоңыр ауылының тұрғыны Оралбек Иманғалиевке қатысты үкім шықты.
Ол кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, он жылға бас бостандығынан айырылды.
Қайғылы оқиға былтыр күзде болған. Сот материалдарынан мәлім болғандай, сол күні Иманғалиев өзінің танысымен бірге арақ ішкен. Кешкісін үйіне келген сотталушының әкесі ұлына ішімдік ішпе деп ескерту жасаған.
Туған әкесін сабап өлтірген БҚО тұрғыны 10 жылға сотталды. Сот БҚО Сырым ауданы Қоңыр ауылының тұрғыны Оралбек Иманғалиевті адам өлтіргені үшін ауыр қылмысқа куған әкесін таяқпен сабап өлтірді. Бұл сөзді көтере алмаған ұлы ашуға мініп, төсекте жатқан әкесін қолына іліккен таяқпен соққының астына алған. Басы мен иығынан ауыр жарақат алған қария сол жерде көз жұмыпты. Бір қызығы, туған әкесін өлтірген азамат бұл туралы ешкімге хабарламаған. Таяқты тығып тастап, тіпті өлімші боп хал үстінде жатқан әкесіне көмектеспепті. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Мейрамғали Иманғалиевтің өліміне ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы және миға қан құйылуы себеп болған. Полиция қылмыскердің қаруын сарайдың төбесіне тығып қойған жерінен тауып алыпты. Сот үкімі шыққан кезде айыпталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді.