Павлодарда 9-сынып оқушысы мектепте улы сұйықтық шашқан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Білім ошағынан 310 адам дереу сыртқа шығарылды. Оқиға Қалқаман кентіндегі мектепте болған. Полицияның хабарлауынша, оқушы бұрыш спрейін шашқан. Бұны мектептегі бейнебақылау камерасы арқылы анықтаған. Аталған іске байланысты полиция оқушының заңды өкіліне іс қозғады.
Темірбек ШАУДЫРОВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435-бабымен іс жүргізілуде. Жинақталған құжаттардың барлығы сотқа жолданады.