Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

З.Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

AstanaTV
01.09.2016ж. 20:00
2568
З.Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Педофилдерге өлім жазасы кесілуі мүмкін. Мәжіліс депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева осылай деді. Айтуынша, балаларға зәбір көрсеткендер әуелі заң аясында жазаланады. Десе де, мәжілісмен бұларға қатысты заң әлсіз екенін мойындайды. Осыған орай алдағы уақытта құжатқа тағы да өзгерістер енгізілмек. Егер осыдан кейін де қылмыс қатары азаймаса, өлім жазасын қолданамыз, - деп қосты депутат.

Зағипа  Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Заңды қатаңдату керек. Себебі қазір оннан он бес жылға дейін түрмеге жібереді. Меніңше, бүкіл өмірге түрмеге жабу керек.

Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр екенін айтты. Көп қан жоғалтқан сәби есін жияған жоқ. Жақында ол санавиациямен Астанаға жеткізілген болатын. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА