$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Шәкіртін сабаған бапкер қамауға алынуы мүмкін

17.02.2023ж. 20:00
1027
Шәкіртін сабаған бапкер қамауға алынуы мүмкін

Шәкірттерін сабаған оралдық бапкердің ісін енді сот қарайды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, жаттықтырушы 10 тәулікке қамалуы мүмкін. Дегенмен ата-аналар баласын сабаған бапкерге кешірім беріп, татуласқан. Дегенмен оқытушының қандай жазаға лайық екенін сот шешеді.

Дариға МӘЖИТОВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жаттықтырушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 73-2 бабы 1- бөлігімен әкімшілік материал жинақталып, заңды шешім шығару үшін Шыңғырлау ауданының әкімшілік сотына жолданды.

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданындағы спорт мектебінің жаттықтырушысы Қайсар Құсайыновтың шәкірттерін сабағаны туралы осыған дейін хабарлаған едік. Бапкердің бассыздығы спортзалдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы оны жұмыстан шығару туралы ұсыныс беретінін мәлімдеді.