Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Теңізшевроилда» құрылыс жүргізген жұмысшылар жалақысыз отыр

AstanaTV
01.09.2016ж. 20:00
2463
«Теңізшевроилда» құрылыс жүргізген жұмысшылар жалақысыз отыр

Атырауда «Теңізшевроилдың» екінші буын зауытының жұмысшылары шу шығарды. Айтуларынша, қосалқы мердігер «Лайф Транс» күрделі жөндеу үшін  200-ден астам жұмысшыны жинап алып, әлі күнге заңды келісімшарт жасауға асығар емес. Енді жұмысшылар жалақысыз қаламыз ба деп қорқады. Базаргүл Нәдірқызы мән-жайды білді.

Бұл «Теңізшевроилдың» қосалқы мердігері саналатын «Лайф Транс» мекемесінің слесарлары. Теңіз кен орнының екінші буын зауытында тамыз айында күрделі жөндеу жүргізген. 1 жарым айға жоспарланған жұмысты 200 еңбеккер 1 айда аяқтаған. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жалдамалы жұмысшылар енді үйлеріне қайта алмай отыр. "Жұмыс беруші не келісімшарт, не жалақымызды бермеді" дейді. Енді жатақхананы босатуды талап етсе керек. 

Нұрлан Қалдығарин:

Қолдарымызда договор жоқ.  Ақшамыз жоқ, қайда барамыз? Өтірік договор әкеп тұр, печать жоқ, дым жоқ. Печать жоқ договормен біздер кімге барамыз, қай сотқа барамыз? Печатьтарыңды неге соғып алып келмедіңдер десе, а мы забыли дейді. Ол не дегені? Жауап па? Қырғын халықты ұмыттым деп жүре ме?

Асылбек Ерғалиев:

Сұрап тұрғанымыз «Лайф Транс» мекемесінен біздің істеген еңбегімізді таза берсін, біздер олардың артынан еріп жүрмейміз.

Шыдамы шегіне жеткен жұмысшылар «ЛайфТранс» компаниясының өкілін ортаға алып, түтіп жей жаздады. Алайда ол мөр соғуға уақыт жоқ деп отыр.

Аман Есенов, «Лайф Транс» ЖШС өкілі:

Жұмысшылардың қолында келісімшарт бар, бірақ мөр ғана қойылмаған. Біздің қолымыздағы келісімшартта мөр бар. Екі жүз адамға бірден мөр соға алмаймыз. Ол үшін бір апта керек. 30 күн жұмыс жасайды, табельге қол қойылады. Ал қыркүйектің 10-ы күні жалақыны алады.

Ал біз кеңес сұраған заңгер жұмысшыларды сабырға шақырып отыр. Құжатта мекеме басшысының қолы болса, мөрсіз-ақ кез-келген заңды органға шағымдануға мүмкіндік бар,- дейді.

Айдос Ибраймов, заңгер:

Мекеменің басшысы қол қойған болса, сол жеткілікті. Қазіргі уақытта электронды қолтаңбаға байланысты болашақта мөрлерді алып тастап жатыр. Сондықтан мөр жоқ деп тектен тек шарт заңсыз деп тануға болмайды. Адамдар жұмыс жасағанда, объектіге кіріп тұр. Объект - өзі күзететін объект. Оған кез-келген адам кірмейді. Яғни пропусктер, бейджиктер болады. Одан кейін ТШО мекемесінен рұхсат алады. Ешқандай құжатымыз жоқ деп қам жемесін, шарттың өзі болғаны жеткілікті.

Ал жұмысшылардың қолындағы құжатта мекеме басшысының қолы бар. Дегенмен жалақыларын алмай жатақханадан шықпайтындарын айтты. Тіпті құзырлы органдарға шағымданбақ.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ